Басшылықтың үндеуі

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЗІ

Құрметті акционерлер!

2018 жыл «KEGOC» АҚ үшін маңызды жыл болды. 2018 жылғы тамызда Директорлар кеңесі акционердің 2018-2028 жылдарға арналған пайымы бойынша ұзақ мерзімді хатына сай Даму стратегиясын жаңартуға бірауыздан дауыс берді. «KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттары мен міндеттері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарымен сәйкес келтірілді: технологиялық даму және бизнесті цифрландыру бойынша міндеттер енгізілді; салынған капиталдың тиімділігін арттыруды және бизнестің жаңа түрлерін дамытуды қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар портфелі жаңартылды.

2018 жылы барлық стратегиялық бағыттар бойынша көзделген мақсаттарға қол жеткізілді, жыл оң өндірістік-қаржылық көрсеткіштермен аяқталды. Акционерлерге шамамен 31,4 млрд. теңге сомасында екі рет дивиденд төленді.

Стратегияны табысты іске асыру негіздерінің бірі қызметкерлерді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге талпындыру болып табылады. Директорлар кеңесінің мүшелері кадрлық резервке кіретін қызметкерлермен жыл сайын кездесіп тұрады. Кездесудің негізгі тақырыбы бұл «KEGOC» АҚ 2018-2020 жылдарға арналған корпоративтік мәдениетін дамыту» атты трансформациялау бағдарламасының жаңа жобасы шеңберінде әзірленген корпоративтік құндылықтар болып табылады. Бұл жоба адамдарды тарнсформациялау бастамаларын іске асыруға, «KEGOC» АҚ корпоративтік мәдениетін бұдан әрі жетілдіруге, қызметкерлердің бұған қатысуын арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған.

Стратегияны іске асырудың маңызды бағыты тұрақты даму принциптерін сақтау болып табылады. «KEGOC» АҚ акционерлер, қызметкерлер, қоғам мен болашақ ұрпақтар алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді. Компанияның тимділігін қамтамасыз етудің негізгі элементтері бұл еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, адами капитал және қоршаған ортаға қамқорлық болып қала береді.

Корпоративтік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіріп отырмаса, Компанияны тұрақты дамыту мүмкін емес. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның корпоративтік басқару рейтингі «ВВ» құрады.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің атынан барлық әріптестер мен акционерлерге бізге көрсеткен қолдауы үшін, ал ұжымға алдыға қойылған міндеттерді өте жоғары сапада орындағаны, Компанияның тиімді де сенімді жұмыс істеуіне қосқан қомақты үлесі үшін алғыс білдіргім келеді.

Алмасадам Сәтқалиев
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЗІ

Өткен 2018 жыл «KEGOC» АҚ үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы алғанда Қазақстан Республикасының барлық электр энергетикалық салалары үшін де маңызды және нәтижелі болды.

Есептік жылда орын алған басты оқиға бұл «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) — Ақтоғай — Талдықорған — Алма ӘЖ-ні салу» жобасының табысты іске асуы болып табылады. Аталған транзит 2018 жылғы 11 желтоқсанда Индустриалдандыру күні қарсаңында жалпы ұлттық телекөпір кезінде іске қосылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, іске асырылған жобаға жоғары баға берді.

Осылайша, 2018 жылы саладағы ең ірі жоба «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ-сін салу» инфрақұрылымдық жобасы толығымен аяқталды. Төрт жыл ішінде ұзындығы 1 773,1 км астам жоғары вольттық электр жеткізу желілері салынды, жаңадан 500 кВ «Семей», «Ақтоғай» және «Талдықорған» қосалқы станциялары іске қосылды. 1150 кВ «Екібастұз» ҚС, 500 кВ «Өскемен» қосалқы станцияларындағы ашық тарату құрылғылары (АТҚ) және 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ кеңейтілді. Сонымен қатар Алматы қаласын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін қосалқы станциялардың бірі 500 кВ «Алма» АҚ кеңейтіліп, қайта құрылды.

2018 жыл Компания үшін басқа да маңызды оқиғаларға толы болды. «KEGOC» АҚ жақсы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді. ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу қызметінің көлемі 44,71 млрд. кВт•сағ. құрады. 2017 жылғы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 2 млрд. кВт•сағ немесе 4,6%-ға өсті. Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру қызметінің көлемі 4,3%-ға артты және 97,65 млрд. кВт•сағ. құрады. Электр энеригясын өндіру және тұтыну теңгерімін ұйымдастыру қызметінің көлемі 2018 жылы 5,1%-ға өсіп, 183,36 млрд. кВт•сағ. құрады.

Жыл қорытындысы бойынша таза кіріс 40 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,2 млрд. теңгеге жоғары.

Мемлекет басшысының электр энергиясы тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасы аясында, сонымен қатар халықты, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында Компания ұсынылатын қызметтердің тарифтерін төмендету жөнінде шешім қабылдады. Электр энергиясын тұтыну мен өндіру көлемінің, сонымен қатар өзі ұсынатын реттелетін қызметтер көлемінің артқанын есепке ала отырып, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мына реттелетін қызметтерге шекті тарифтер төмендетілетін болады: электр энергиясын жеткізу бойынша бір кВт сағ. үшін 2,823 теңгеден 2,496 теңгеге дейін, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша бір кВт•сағ. үшін 0,306 теңгеден 0,237 теңгеге дейін және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша кВт•сағ. үшін 0,098 теңгеден 0,088 теңгеге дейін.

«KEGOC» АҚ жария компания болғандықтан оның өндірістік-қаржылық қызметі Қазақстан қор биржасында акциялардың бағасын белгілеуге тікелей ықпал етеді. 2018 жылы бір акцияның ең жоғарғы нарықтық бағасы тарихи жоғары деңгейге жетті және 1 631 теңгені құрады, ал 2014 жылы бұл баға 505 теңгені құраған болатын. Сәйкесінше, 2018 жылы Компания Қазақстан қор биржасының «Қор нарығын дамытуға үлес қосқаны үшін» наградасымен марапатталды.

2018 жылы біз ең маңызды басымдылықтарының бірі Компанияның кадрлық, әлеуметтік және коммуникациялық саясатын тиімді жүргізу арқасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылатын әлеуметтік бағыттағы компания дәрежесін тағы да растадық. Тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша «KEGOC» АҚ әлеуметтік тұрақтылық индексі 85%-ды құрады және «Самұрық-Қазына» АҚ барлық портфелдік компаниялары арасындағы ең жоғары индекс болып табылады. 2018 жыл қорытындылары бойынша ӘБП персоналының қатыстырылу индексі оң аймақта тұр және 69%-ды құрайды.

Компания Бизнесті трансформациялау бағдарламасын табысты іске асыруда. Транформациялау портфелінде Компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған 8 жоба бар. 2019 жылы ERP (Enterprise Resource Planning System) SAP (System Analysis and Program Development), Тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесін, сонымен қатар Ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың корпоративтік жүйесін іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Бұл барлық биік жетістіктерге Компанияның ортақ мақсаттар мен міндеттер біріктіретін ұйымшыл ұжымының еңбегі арқасында қол жеткізілгені сөзсіз. Біздің команданың әрбір мүшесі кәбіи деңгейін көтере отырып, жұмысқа өз білімімен қатар жанын сала отырып, өз еңбегінің жемісін мақтан тұтады.

Біздің барлық әріптестерге бірлесе отырып тиімді жұмыс істегені үшін алғыс білдіргім келеді. Біздің арамыздағы бұдан кейінгі де ынтымақтастық жемісті бола түседі деп сенемін.

2019 жылы жоғары кәсіби өндірістік және әкімшілік персоналдың мол тәжірибесіне, Компанияның қаржылық тұрақтылығы мен озық тәжірибелерді қолданғанына сүйене отырып, біз барлық алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ниеттіміз.

Бақытжан Қажиев
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы