«KEGOC» АҚ кадрлық әлеуеті Компанияның даму табысын анықтайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады. «KEGOC» АҚ адами ресурстар менеджменті Копроративтік басқару кодексінің, Мінез-құлық (іскери этика) кодексінің, біріктірілген менеджмент жүйесінің, Кадр саясатының, «KEGOC» АҚ персоналын мотивациялау саласындағы ішкі құжаттардың қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Кадр саясаты жоғары нәтижелер мен меритократияға қол жеткізуге бағытталған тиімді коропративтік мәдениет арқылы «KEGOC» АҚ Даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін маңызды зияткерлік және кәсіби ресурс ретінде кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған.
«KEGOC» АҚ Даму стратегиясын іске асыру үшін Кадр сасаты алдында мынадай мақсаттар тұр:
Есептік жылы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, Компания қызметкерлерінің тізім бойынша саны 4 797 адамды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 1,4 %-ға артық.
2018 жылы «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру жалғасты. Оның шеңберінде қызметкерлердің жұмысына кешенді бағалау жүйесі ендірілді. Қызметті бағалау нәтижелері Компания қызметкерлерінің қызметақысын қайта қарау, сонымен қатар қызметкерлерді кадрлық резервке (дарындар пулына) енгізу үшін қолданылады.
«KEGOC» АҚ корпоративтік мәдениетін дамыту» жобасы іске асырыла бастады. Жоба барысында Компанияның барлық қызметкерлерін біріктіретін құндылықтар анықталды, корпоративтік мәдениеттің нысаналы моделі белгіленді. «KEGOC» АҚ Корпоративтік мәдениетті дамыту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, бекітілді, онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бастамалар мен іс-шаралар көрсетілген.
Кадр саясатының барлық элементтері жаңа қызметкерлер тез және тиімді бейімделетіндей, лауазымға кірісуін тездететіндей жасалған. Ұйым мақсаттарымен, оның қызметінің ерекшелігімен, сонымен қатар Компанияның негізгі қағидаларымен және қызметкерлерден күтілетін пайымдармен таныстыру тұрақты түрде жүргізіледі. Бейімделген кезде қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.
«KEGOC» АҚ персоналды оқыту және дамыту процесіне көп мән береді, мына қағидаттарды басшылыққа алады:
Персоналды оқыту қазіргі заманғы оқыту әдістерінің бүкіл спектрі — бизнес-практикумдар, семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, форумдар, конференциялар түрлерін қолданумен өткізіледі. Есептік жылда оқудан 2 650 қызметкер өтті, бұл қызметкерлердің тізімдік санынан 55,24%-ды құрайды. 2018 жылы «КЕGOC» АҚ-ның оқуға жұмсаған нақты шығындары 328,018 млн. теңгені немесе жоспардан 92,2 %-ды құрады, бұл 2017 жылғы орындаудан 27,5 %-ға жоғары.
«KEGOC» АҚ кадрлық резерві бойынша жұмыс толығымен жүзеге асырылуда: 294 адамнан тұратын кадрлық резерв құрылды. 2018 жылы кадрлық резерв құрылған бос лауазымдар саны — 56, олардың ішінде 32-сі кадрлық резервке кіретін қызметкерлермен толықтырылды. 2018 жылғы қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері «KEGOC» АҚ құндылықтары тақырыбына Компанияның белсенді қызметкерлерімен жыл сайынғы кездесуді өткізді.
2018 жылғы желтоқсанда «Жылдың ең үздік тәлімгері» атты жыл сайынғы конкурс өткізілді, соның нәтижелері бойынша жеңімпаз бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Осылайша, «KEGOC» АҚ-да тәлімгерлік институты қалыптасты.
Әулет сабақтастығы мен әлеуметтік тұрақтылықты қоғамдық ынталандыру ретінде еңбек әулетін танымал ету және қолдау мақсатында 2018 жылғы 29 маусымда «Еңбек әулеті» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты іс-шара өткізілді. Онда Алпысбаевтар, Чернохаевтар, Ли, Анесов әулеттерінің өкілдері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Компаниядағы сыйақы жүйесі мынаны қамтиды:
2018 жылы Компания қызметкерлерінің қызметақылары/тарифтік мөлшерлемелері орташа алғанда 6 %-ға өсті.
«КЕGOC» АҚ тиімді жұмыс істеу үшін жағдай жасау, «KEGOC» АҚ тиімді жұмыс істеу, адалдықты арттыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында компания қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау көрсетеді: жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған, мерейлі жасқа толуына орай, баланың туылуына байланысты, қызметкердің, қызметкердің отбасы мүшелерінің және «KEGOC» АҚ есепте тұрған зейнеткерлердің қайтыс болуына байланысты, қызметкердің және мүгедектік тобы мен жасына қарамастан мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің медициналық ем қабылауын төлеу үшін берілетін материалдық көмек.
Зейнеткерлік жастағы қызметкерлерге зейнетке шыққан кезде өтемақы төленеді, сонымен қатар Компанияның есебінде тұрған зейнеткерлерге «Энергетик күні» кәсіби мерекесіне орай бір жолғы материалдық көмек төленеді.
2018 жылы Компания «KEGOC» АҚ қаражаты есебінен 115,1 млн. теңге жалпы сомасына үйді жалға алу шығыстарын ішінара төлеп беру жолымен 113 қызметкердің баспана мәселесін шешуге көмектесті. 43 қызметкер Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ талаптары бойынша кейіннен сатып алатын мүмкіндікпен тұрғын үйді алуға үміткерлер болды. Бүгінгі таңда Компания қызметкерлері мен Жылжымайтын мүлік қоры арасындағы кейіннен сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді сатып алу шарты ресімдеу сатысында тұр.
Есептік кезеңде «KEGOC» АҚ 2 502 қызметкері ауырған жағдайда ерікті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылды, қызмет сомасы 86,4 млн. теңгені құрады.
2018 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-ның 87 қызметкері сіңірген ерекше еңбегі үшін мемлекеттік және салалық наградамен ынталандырылды.
«KEGOC» АҚ мен оның ұжымы арасында жасалған 2016-2020 жылдарға арналған ұжымдық шартта Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізгі ережелерінен басқа Компания қызметкерлерін, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңдестірілген тұлғаларды, адрагер-энергетиктерді, медициналық қызмет көрсетуді, мәдени-көпшілік демалыстарын әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелер көрсетілген. Ұжымдық шарт Компанияның барлық қызметкерлеріне қолданылады.
«KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының мақсаты электр энергиясын жеткізу және тарату кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді азайту болып табылады.
«KEGOC» АҚ Экологиялық саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мыналар:
Экологиялық менеджмент жүйесі
Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) енгізіліп, ISO 14001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігіне сертификатталды. ЭМЖ «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде жұмыс істейді және ендіру мен жұмыс істеудің негізгі мақсаты Компанияның өндірістік және шаруашылық қызметінің экологиялық аспектілеріне әсерді күшейтуге мүмкіндік беретін басқарудың жаңа тәсілдерін қолдану болып табылады. Экологиялық аспектілерді басқару «KEGOC» АҚ-дағы тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің элементі болып табылады.
Тиімді басқару үшін 2018 жылы мына құжаттар әзірленді: «KEGOC» АҚ 2018 жылға арналған экологиялық аспектілері мен маңызды экологиялық аспектілері тізілімдері. Аспектілерді анықтаған кезде Компания қызметінің барлық экологиялық әсерінің компоненттері (энергия үнемдеу, су, топырақ, шығарындылар, қалдықтар) талданады. Экологиялық аспектілерді басқару жөніндегі іс-шаралар Компанияның 2018 жылға арналған экологиялық бағдарламасымен белгіленген. 2018 жылғы маңызды экологиялық аспектілер ретінде «құрамында ПХД бар ықтимал полихлорландырылған дифенилдер», «трансформатор майы» және «пайдаланылған трансформатор майы» анықталды. «Құрамында ПХД бар қалдықтар» аспектісінің маңыздылығы бұл полихлорландырылған дифенил Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай зиянды зат (қауіпсіздіктің қызыл деңгейі) екеніне негізделген. «Пайдаланылған трансформатор майы» және «трансформатор майы» аспектілерінің маңыздылығы май толтырылған жабдықтың болуына байланысты.
Су объектілері мен топыраққа әсер
«KEGOC» АҚ-да суды тұтыну көлемдері шамалы, себебі технологиялық процесте су қолданылмайды. Су объектілеріне және рельефке лақтырындылар жоқ. «KEGOC» АҚ 7 филиалында: Ақтөбе ЖЭТ, Ақмола ЖЭТ, Алматы ЖЭТ, Шығыс ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ, Орталық ЖЭТ, Оңтүстік ЖЭТ филиалдарында артезиандық сумен жабдықтайтын ұңғымалар бар. Филиалдардың объектілерінде жұмыс істеп тұрған ұңғымалар арнайы су пайдалануға алынған рұқсаттарға сай және жергілікті санитариялық қызметтердің келісімі бойынша пайдаланылады. Су объектілері мен топырақты ластауы мүмкін көздер бұл май толтырылған жабдықта қолданылатын трансформатор майы, сонымен қатар шаруашылық қажеттіліктеріне арналған суды пайдалану нәтижесінде пайда болған ағын сулар болып табылады. Судың ластануын болдырмау үшін Компанияның май толтырылған жабдығы май қабылдайтын құрылғылармен немесе түпқоймалармен жабдықталған, бұл майдың топырақ пен суға түсуін болдырмайды.
Шығарындылар
«KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді стратегиясымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Нормативтерге қатысы бойынша тұрақты көздерден болатын нақты шығарындыларды азайту» мақсатына қол жеткізу көрсеткіші анықталды. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында ЖЭТ филиалдарында 2018 жылы жедел мониторинг жүргізілді — жабдықтың әрбір бірлігінің жұмыс сағаттары саны мен материалдар шығыстары есепке алынды. Тұрақты көздерден болатын ластайтын заттардың жаппай шығарындыларының көлемі 2018 жылы 11,41 тоннаны, 2017 жылы — 15,81 тоннаны құрады. Компания жабдықтарды, технологиялық процестерді жаңарту есебінен өткен жылмен салыстырғанда шығарындыларды 27 %-ға азайтуға қол жеткізді. 2018 жылғы норматив артпады.
Өндіріс қалдықтары
«KEGOC» АҚ объектілеріндегі өндірістік қалдықтар қосалқы станциялардың жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жаңарту кезінде пайда болады.
ЖЭТ филиалдарында қалдықтарды уақытша қауіпсіз және бөлек сақтауға арналған жер белгіленген, эскпликациясымен объектілердің аумақтарында қалдықтарды орналастырудың карта-схемалары дайындалды, бұдан әрі кәдеге жарату үшін оларды уақтылы алып кету қамтамасыз етіледі. Компания пайда болған қалдықтар санын азайту арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға көп көңіл бөледі.
2018 жылдың соңында түзілген қалдықтардың көлемі 2 097 тонна болды, бұл өткен жылға қарағанда 400 тоннаға көп.
Трансформатор майы мен металл сынықтарын мамандандырылған ұйымдар іске асырды. 2018 жылы маңызды экологиялық аспектілердің бірі «құрамында ПХД болуы мүмкін қалдықтар» айқындалды. 2018 жылға жоспарланып, жүргізілген зертханалық талдаулардың нәтижелері бойынша май толтырылған жабдықта ПХД болған жоқ.
Кәсіби қауіпсіздік жүйесін жетілдіру «KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды міндет болып табылады. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қауіпсіздік және денсаулықты қорғау мәселелеріне көп көңіл бөледі, сол үшін Директорлар кеңесінің арнайы комитеті құрылды, оның функциялары саясат пен рәсімдерді жасау, жүйені жетілдіру және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуді мониторингтеу болып табылады. Осылайша, Комитет 2018 жылы Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына толықтырулар бекітті. Сонымен қатар тиімді іске асыру және бақылауды күшейту үшін Комитет Жоспардың орындалуы бойынша ҚНК-ны Компанияның басшы мен басқарушы қызметкерлерінің ҚНК мотивациялық карталарына енгізу ұсынды.
Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операциялар кезінде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторларды азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.
2018 жылы Компанияның барлық жұмыс орындарындағы зиянды және қауіпті өндірістік факторлар бағаланды және «KEGOC» АҚ 2018 жылға арналған тәуекелдер мен қауіптер тізілімі әзірленді, бұл тізілімнен «KEGOC» АҚ 2018 жылға маңызды қауіптері мен тәуекелдері анықталды.
Анықталған қауіптер мен тәуекелдер негізінде «KEGOC» АҚ аталған тәуекелдерді басқару жөніндег іс-шараларды көздейтін 2018 жылға арналған Кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі бойынша бағдарламасы әзірленді.
2018 жылы Компания қызметкерлерінің еңбек қызметіне байланысты 2 жазатайым жағдай орын алды. Орын алған жазатайым жағдайлар фактілері бойынша тиісті шаралар қолданылды.
Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ барлық филиалдарында мынадай іс-шаралар жүргізілді:
2018 жылы «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлеріне «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыбында біліктілікті арттыру жүргізілді.
«KEGOC» АҚ электр тораптарының жұмыс істеу сенімділігін арттыру және қызметкерлерінің еңбегін қорғау бойынша жұмыстарды жетілдіру, проблемалық мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында кеңес өткізілді, онда «KEGOC» АҚ барлық «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің бастықтары қатысты.
2018 жылы Компания қызметкерлері медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық тексеруден; кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау мәселелері бойынша қажетті оқудан, біліктілікті арттырудан өтті; қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, соның ішінде электрден қорғайтын құралдармен, сүтпен, медикаментпен қамтамасыз етілді. Жұмыс процесінде зиянды факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлер олардың жұмыс орындарын зиянды жағдайлардың болуына аттестаттау нәтижесі бойынша нормалармен белгіленген өтемақыларды алды.
Қазақстан Республликасының заңнамасына сәйкес барлық қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазым жағдайлардан сақтандырылды, сонымен қатар Компанияның үшінші тұлғаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылды.
Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін Компания қызметкерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлар нәтижесінде өлімге әкелетін жазатайым жағдайларды қоса алғанда, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жарақаттың жиілік коэфициенті, LTIFR (Lost Time Injury Frequency Rate) коэффициенті қолданылады.
«KEGOC» АҚ корпоративтік басқару деңгейін бұдан әрі арттыру бойынша қойылған мақсатты ұстанады және әлемдік жетекші компаниялар деңгейіне жету жөніндегі корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша толыққанды жұмысты жалғастырады:
Деректер көзі — Қазақстан қор нарығы (www.kase.kz)
2018 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялары пакетін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Компанияның 25 999 дана жарияланған жай акциялары жазылым жүргізу жолымен Қазақстан қор биржасына орналастырылды.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның номиналды құны 500 теңгені құрайтын жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны 260 000 000 дана, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ атынан ірі акционерге 234 000 001 акциясы (90% плюс бір акция) тиесілі, 25 998 609 акция миноритарлық акционерлерге тиесілі, қалған 1 390 дана акцияны «KEGOC» АҚ сатып алды.
2018 жылы Компанияның акцияларымен маңызды мәмілелер және орналастырылған акциялары санының бес және одан көп пайызын иеленетін акционерлері құрамында өзгерістер болған жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы Қоғамның жоғары органы болып табылады.
Өз қызметін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғамның Жарғысына және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2018 жылы Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысын шақыруға 4 (төрт) рет бастама жасады:
«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты дивидендтік төлемдердің мөлшерін белгілеу кезінде акционерлердің мүдделерін сақтауға, Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру мен оны капиталдандыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген акционерлердің құқықтарын қатаң сақтау мен құрметтеуге негізделеді. Дивидендтер төлеу шарттары: Компанияда есептік кезеңде таза пайданың немесе бөлінбеген пайданың болуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дивидендтерді төлеуге шектеулердің болмауы; Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі.
Акционерлерге дивидендтер төлеу көзі бұл «KEGOC» АҚ-ның ҚЕХС-ға сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептемесі негізінде есептелетін тиісті қаржы жылындағы таза кіріс немесе бөлінбеген пайда болып табылады. Компанияның Директорлар кеңесі қаржы жылындағы немесе жарты жылдықтағы таза кірісті бөлу тәртібі және дивидендтер мөлшері туралы ұсыныстарды дайындаған кезде дивидендтерді төлеуге жіберілетін сома таза кірістің кем дегенде 40 %-ын құрауы тиіс екеніне сүйенеді. Бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Компанияның жылдық қаржылық есептемесін бекіткеннен кейін қабылдайды. Жарты жылдық қорытындылар бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Компанияның тиісті кезеңдегі қаржылық есептемесіне аудит жүргізгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауы мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсынысын қарай келе өз қарауы бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивидендтердің мөлшерін бекітеді, сонымен қатар дивидендтер төлене бастайтын күнді белгілейді.
Дивидендтер есептелген кезең | 2015 жылғы 1-жарты жылдық |
2016 жыл* | 2017 жыл** | 2018 жылғы 1-жарты жылдық |
Бір акцияға есептегенде дивиденд мөлшері, теңге | 9,4 | 53,06 | 88,53 | 80,53 |
Есептелген дивидендтердің жалпы сомасы, мың теңге | 2 444 000 | 13 795 526 | 23 017 677 | 20 937 688 |
Дивидендтерді төлеуге жұмсалған ҚЕХС бойынша таза пайда үлесі, % | 40,01% | 50% | 70% | 80% |
Дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған эмитенттің басқару органының атауы |
Акционерлердің жалпы жиналысы |
Акционерлердің жалпы жиналысы |
Акционерлердің жалпы жиналысы |
Акционерлердің жалпы жиналысы |
Дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған эмитенттің басқару органының жиналысы өткізілген күн, хаттама күні мен нөмірі |
2015 жылға 16 қазан — №2 |
2016 жылғы 28 қазан — №5; 2017 жылғы 12 мамыр — №6 |
2017 жылғы 26 қазан — №7, 2018 жылғы 27 сәуір — №8 |
2018 жылғы 30 қараша — №11 |
Дивидендтер алуға құқығы бар тұлғалар тізімі жасалған күн | 2015 жылғы 30 қазан |
2016 жылғы 13 қараша, 2017 жылғы 22 мамыр |
2017 жылғы 6 қараша, 2018 жылғы 14 мамыр |
2018 жылғы 11 желтоқсан |
*2016 жылғы дивидендтер2016 жылғы бірінші жарты жылдықтан (бір акцияға 24,93 теңге 28.10.2016 ж. №5 Жалпы жиналыс хаттамасы) және 2016 жылғы екінші жарты жылдықтан (бір акцияға 28,13 теңге 12.05.2017ж. №6 Жалпы жиналыс хаттамасы) бөлек бекітілді.
** 2017 жылғы дивидендтер 2017 жылғы бірінші жарты жылдықтан (бір акцияға 48,4 теңге 26.10.2017 ж. №7 Жалпы жиналыс хаттамасы) және 2017 жылғы екінші жарты жылдықтан (бір акцияға 40,13 теңге 27.04.2018 ж. №8 Жалпы жиналыс хаттамасы).
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерін іріктеу және тағайындау қағидасына және «KEGOC» АҚ Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерін іріктеу және тағайындау процесі мен тәуелсіз директорларды тағайындауға арналған критерилер белгіленді.
«KEGOC» АҚ-да, егер директор:
Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына тағайындалған тәуелсіз директорлар жоғарыда көрсетілген критерилерге сай келеді.
Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімдерінің бітуіне байланысты, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы Директорлар кеңесін жаңа құрамда құрды:
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Директорлар кеңесінің құрамы
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Доминик Фаш
Тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы, Аудит жөніндегі комитетінің және Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің мүшесі.
Януш Биалек
Тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің және Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі.
Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің және Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің мүшесі
Егімбаева Жанна Дачерқызы
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің және Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшесі
Кұдабаев Ермек Әскербекұлы
Тәуелсіз директор, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің мүшесі
Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Директорлар кеңесінің мүшелері |
А. Сәтқалиев | Е. Құдабев | Я. Биалек | Д. Фаш | Ж. Егімбаева | С. Тиесов | Б.Қажиев |
Саладағы жұмыс тәжірибесі/жалпы өтілі, жыл | 18/27 | 8 ай/26 | 39/39 | 47/47 | 2,6/48 | 51/51 | 33/33 |
Негізгі құзыреті | |||||||
Саладағы білімі | |||||||
Сала бойынша өндірістегі жұмыс тәжірибесі |
|||||||
Саланы терең білуі | |||||||
Техникалық дағдылары/ тәжірибесі |
|||||||
Айырықша дағдылары мен тәжірибесі | |||||||
Қаржылық сауаттылығы | |||||||
Қаржыны терең білуі | |||||||
Маркетингті терең білуі | |||||||
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша терең білімі | |||||||
Басқарудағы және құқықтанудағы жұмыс өтілі | |||||||
Корпоративтік басқару | |||||||
Трансформация | |||||||
IPO жүргізу тәжірибесі | |||||||
Стратегия әзірлеу және іске асыру | |||||||
Халықаралық тәжірибе |
Директорлар кеңесінің мүшелері |
26.01 | 02.03 | 30.03 | 26.04 | 27.04 | 01.06 | 29.06 | 23.07 | 24.08 | 28.09 | 02.11 | 30.11 | % |
Бектеміров Қ. Ә. Директорлар кеңесінің төрағасы |
+ | 2018 жылғы 13 ақпанда өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды | 100 | ||||||||||
Тағашев И. Е. Директорлар кеңесінің төрағасы |
2018 жылғы 27 сәуірде тағайындалды |
+ | + | + | 2018 жылғы 27 тамызда өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды |
100 | |||||||
Сәтқалиев А. М. Директорлар кеңесінің төрағасы |
2018 жылғы 2 қарашада тағайындалды | + | + | 100 | |||||||||
Спицын А. Т. тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | 2018 жылғы 27 сәуірде Директорлар кеңесінің құрамындағы өкілеттік мерзімі бітті |
100 | |||||||
Л. Сутера тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | 100 | ||||||||
Д. Фаш тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Я. Биалек тәуелсіз директор |
+ | + | + | - | + | + | + | + | + | + | + | + | 91,6 |
Тиесов С. Ә. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Егімбаева Ж. Д. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Құдабаев Е. Ә. тәуелсіз директор |
2018 жылғы 24 тамызда тағайындалды | + | + | + | + | 100 | |||||||
Қажиев Б. Т. Басқарма төрағасы |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
2018 жылы Директорлар кеңесі 11 (он бір) күндізгі және 1 (бір) сырттай отырыс өткізді, оларда 144 мәселе қаралып, солар бойынша тиісті шешім қабылданды.
Есептік кезеңде Компания 44 425 241 302,91 теңге жалпы сомасына жасалуында мүдделілік бар 185 мәміле, соның ішінде шешім қабылдау Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін 7 мәміле жасады.
2018 жылғы 29 маусымда Директорлар кеңесінің мүшелері салтанатты іс-шара «KEGOC» АҚ еңбек әулеті» конкурсының жеңімпаздарын наградтауға қатысты;
Тәуелсіз директорлар Доминик Фаш, Януш Биалек және Құдабаев Е.А. «KEGOC» 2018 жылғы 30 қарашада «KEGOC» АҚ перспективалы қызметкерлерімен кездесуге қатысты;
Тәуелсіз директор Януш Биалек мына конференцияларға қатысты:
Директорлар кеңесінің мүшесі Егімбаева Жанна Дачерқызы «Эрнст энд Янг» аудиторлық компаниясы ұйымдастырған тренингке қатысты.
Директорлар кеңесінің мүшесі Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Қазақстан Республикасындағы БҰҰ дамыту бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырған «Қазақстандағы ЖЭК секторының 5 жылдық жұмысының қорытындылары, бұдан әрі дамыту перспективасы» тақырыбы бойынша семинарға қатысты.
Тәуелсіз директор Құдабаев Е.А. «PriceWaterhouse» ЖШС 2018 жылғы қарашада Алматы қаласынджа ұйымдастырған «айқындық» дәуірінде халықаралық салықтық жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинарға қатысты.
Аса маңызды мәселелерді қарау және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін мынадай Комитеттер құрылды:
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет
Комитеттің қызметі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі.
Комитеттің құрамы:
Комитеттің функциялары:
Мына мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу және ұсыну:
2018 жылы Комитет күндізгі нысанда 9 отырыс өткізді, онда 34 мәселе қаралды.
Басқа да мәселелер | 26.01 | 02.03 | 30.03 | 26.04 | 01.06 | 30.06 | 24.08 | 02.11 | 29.11 | % |
Спицын А. Т. тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | 2018 жылғы 27 сәуірде өкілеттік мерзімі бітті |
100 | ||||
Д. Фаш тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Я. Биалек тәуелсіз директор |
2018 жылғы 27 сәуірде тағайындалды | + | + | + | + | + | 100 | |||
Тиесов С. Ә. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Құдабаев Е. Ә. тәуелсіз директор |
2018 жылғы 24 тамызда тағайындалды | + | + | 100 | ||||||
Кәрімов Д. С. сарапшы дауыс беру құқығынсыз |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет
Комитеттің қызметі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі.
Комитеттің құрамы:
Комитеттің функциялары:
Мына мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу және ұсыну:
2018 жылы Комитет күндізгі нысанда 10 отырыс өткізді, онда 40 мәселе қаралды.
Комитет мүшесі | 26.01 | 02.03 | 30.03 | 26.04 | 01.06 | 29.06 | 24.08 | 28.09 | 02.11 | 29.11 | % |
Я. Биалек тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Л. Сутера тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | 2018 жылғы 27 сәуірде өкілеттік мерзімі бітті |
100 | |||||
Д. Фаш тәуелсіз директор |
2018 жылғы 27 сәуірде тағайындалды |
+ | + | + | 2018 жылғы 24 тамызда шығарылды |
100 | |||||
Егімбаева Ж. Д. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Құдабаев Е. Ә. тәуелсіз директор |
2018 жылғы 24 тамызда тағайындалды | + | + | + | 100 | ||||||
Кәрімов Д. С. сарапшы дауыс беру құқығынсыз |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет
Комитеттің қызметі Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі.
Комитеттің құрамы:
Комитеттің функциялары:
Мына мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу және ұсыну:
2018 жылы Комитет күндізгі нысанда 8 отырыс өткізді, онда 16 мәселе қаралды, соның ішінде:
Комитет мүшесі | 02.03 | 26.04 | 01.06 | 29.06 | 24.08 | 28.09 | 02.11 | 30.11 | % |
Д. Фаш тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Тиесов С. Ә. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Егімбаева Ж. Д. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Кәрімов Д. С. сарапшы дауыс беру құқығынсыз |
+ | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Аудит жөніндегі комитет
Комитет қызметі Аудит жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі.
Комитеттің құрамы:
Комитеттің функциялары:
Мына мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу және ұсыну:
2018 жылы Комитет күндізгі нысанда 9 отырыс өткізді, онда 58 мәселе қаралды.
Комитет мүшесі | 26.01 | 02.03 | 30.03 | 26.04 | 01.06 | 29.06 | 24.08 | 28.09 | 02.11 | % |
Л. Сутера тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | 2018 жылғы 27 сәуірде өкілеттік мерзімі бітті | 100 | ||||
Спицын А. Т. тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | 2018 жылғы 27 сәуірде өкілеттік мерзімі бітті | 100 | ||||
Д. Фаш тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Я. Биалек тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Құдабаев Е. Ә. тәуелсіз директор |
2018 жылғы 24 тамызда тағайындалды | + | + | 100 | ||||||
Салтанат С. сарапшы дауыс беру құқығынсыз |
+ | - | + | + | + | - | - | + | + | 56 |
Тұтастай алғанда, Директорлар кеңесінің қызметі 2018 жылы Компанияның тиімді дамуына, Компанияның қысқа, орта, ұзақ мерзімді кезеңге белгілеген стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне көмектесті. Директорлар кеңесінің комитеттері «KEGOC» АҚ корпоративтік басқаруды, бизнес-процестердің кең ауқымына қатысты, өнеркәсіптік және ақпараттық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, тұрақты даму перспективалық инвестициялық жобалар мәселелері бойынша ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару механизмдерін жетілдіруге белсенді қатысты.
«KEGOC» АҚ ағымдағы қызметіне басшылық етуді «KEGOC» АҚ қызметінің басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған мәселе бойынша шешімдер қабылдайтын алқалық атқарушы орган — Басқарма жүзеге асырады.
Басқарма «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «KEGOC» АҚ Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне және «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
Состав Правления «KEGOC» АҚ
Қажиев Бақытжан
Төлеуқажыұлы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы
Өндірістік жөніндегі басқарушы директор
Қуанышбаев Әскербек Досайұлы
Технологиялық даму жөніндегі басқарушы директор
Сафуани Төлеген Есенқұлұлы
Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор
Ботабеков Айбек
Төлеубекұлы Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор
Басқарма қызметі туралы есеп
Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, адалдық, әділдік, адалдық, жауапкершілік, кәсібилік, байқампаздық және тұрақтылық болып табылады.
2018 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 29 отырысы өткізілді, онда 243 мәселе қаралды, соның ішінде:
Алқалық шешімдерді алдын ала қарау, қабылдау және «KEGOC» АҚ Басқармасына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау үшін Компанияда консультативтік-кеңесу органдары құрылды:
Директорлар кеңесі мен Басқарма қызметін бағалау
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның мүшелерінің 2018 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша қызметін «Самұрық-Қазына» АҚ PwC («ПрайсуотерхаузКупериз» ЖШС) бірлесе «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы мен мүшелері қызметін бағалау қағидасына сәйкес «KEGOC» АҚ корпоративтік басқаруды тәуелсіз диагностикалау шеңберінде бағалады.
2018 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне — тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу қағидаларына сәйкес мына тәртіпте төлемдер жүргізілді:
2016 жылы Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ ірі акционері — «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі ретінде тағайындалған Директорлар кеңесінің мүшелеріне тіркелген жылдық сыйақы төленеді және шығыстары өтелді.
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу жүйесі қызметақыны және бір жылдағы қызмет қорытындылары бойынша сыйақыны қамтиды. Бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақыны «KEGOC» АҚ аудиттелген қаржылық есептеме негізінде қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерін бекіткеннен кейін «KEGOC» АҚ бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақшалай қаражат шегінде төленеді.
Сыйақы төлеу үшін қойылатын негізгі шарт бұл есептік жылдағы шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы болып табылады. Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалаған кезде мотивациялық ҚНК қолданылады, олар «KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттарын «KEGOC» АҚ бизнес-процестері/қызметінің бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерге ҚНК карталары түрінде сатылау жолымен әзірленеді. Бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға есептік жылдағы бекітілген ҚНК орындау қорытындылары бойынша есептік жылда кем дегенде 5 (бес) ай нақты жұмыс істеген Басқарма мүшелерінің құқықтары бар. Жоспарланған кезеңге арналған сыйақының шекті деңгейін Директорлар кеңесі бекітеді.
Осылайша, 2018 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленген жалпы сома шамамен 346 млн. теңгені (2017 жыл — 372 млн. теңге) құрады.
Компанияда 2006 жылдан бастап құрамы 8 адамнан тұратын Ішкі аудит қызметі (ІАҚ немесе Қызмет) тиімді жұмыс істейді. Қызметтің миссиясы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасына Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша өз міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсетуде болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты — Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелік тәсілді енгізу жолымен Компанияны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және дұрыс ақпаратты беру.
2018 жылға арналған барлық аудиторлық тапсырмалар Қызметтің негізгі қызмет мақсаттары мен миссиясы есепке алына отырып, жоспарланды. Ішкі аудитті жоспарлаған кезде тәуекелге бағытталған тәсіл қолданылды, яғни жоспарға енгізу үшін басымдылық теріс оқиғалардың туындауына көбінесе ұшырайтын бизнес-процестерге берілген.
Қызметтің 2018 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарымен 18 тапсырманы орындау көзделген. Аудиторлық тапсырмалардың тақырыбы Компания филиалдарын кешенді тексеруді, банктік төлемдер жүйелерінің жұмысына, банктік операцияларды бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрсетуге, жалақыны төлеу мен есепке алуға байланысты бизнес-процестер аудитін, сонымен қатар дебиторлық/кредиторлық берешекті жыл сайын түгендеудің, Қоғамның сатып алуының тиімділігі бойынша тапсырмаларды, тәуекелдерді басқаруды, ақпараттық технологияларды, жобаларды және т.б. қамтыды. Барлық тапсырмалар орындалды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Аудит жөніндегі комитетінің тапсырмасын, сонымен қатар Қордың Ішкі аудит қызметінің Қор тобының компанияларында синергетикалық аудит жүргізу жөніндегі бастамаларын іске асыру шеңберінде Қызмет 2018 жылы «Атырауский НПЗ» ЖШС -да өткізілген «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК ЕБҰ-дағы ТП АБЖ және АТ аудиті» аудиторлық тапсырмасына қатысты.
Сонымен қатар, Қызмет Қордың Ішкі аудиті өткізген «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобында бизнесті трансформациялау бағдарламасының іске асырылу аудитіне қатысты.
2018 жыл ішінде Қызмет Аудит жөніндегі комитеттің атына келіп түскен екі өтініш бойынша тексеру жүргізді. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Аудит жөніндегі комитет «KEGOC» АҚ Басқармасына тиісті ұсынымдар берді.
«KEGOC» АҚ-да 2007 жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі сәтті ендірілді және жұмыс істейді, бұл жүйе Тредвей Комиссиясының Демеушілік ұйымдары комитеті әзірлеген тәуекелдерді басқару жүйесінің жалпы қабылданған концептуалды модельдері — COSO ERM «Ұйымның тәуекелдерін басқару. Біріктірілген модель» (COSO) негізінде құрылды.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) бұл тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, оларды бағалауға және «KEGOC» АҚ стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді басқару шараларын құрауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі контенті болып табылады.
Қолданыстағы ТБКЖ мақсаты Компанияның қызметіне ішкі және сыртқы теріс факторлардың әсер ету дәрежесін шектеу жолымен қызметтің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтмасыз ету болып табылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі қағидаттары мыналар:
Тәуекел-менеджмент Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің, құрылымдық бөлімшелердің — тәуекелдер иелерінің, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, оның міндеті Компания тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасына ұсынымдар дайындау болып табылатын Аудит жөніндегі комитет өз жұмысын жүзеге асырады. 2018 жылы 13 отырыс өткізілді.
«KEGOC» АҚ өз қызметін бизнеспен байланысты, стратегиялық тәуекелдер, қаржылық тәуекелдер, операциялық тәуекелдер, құқықтық тәуекелдер және комплаенс тәуекелдер санаттары бойынша бөлінген тәуекелдердің кең спектрін есепке алумен жүзеге асырады. Компанияның 2019 жылға арналған тәуекелдер тізіліміне тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау нәтижелері бойынша 51 тәуекел енгізілді. Әрбір тәуекел бойынша оларды басқару бойынша іс-шаралар әзірленді, тәуекелдердің иелері белгіленді. Компания Басқармасына және Директорлар кеңесіне тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептемені ұсыну жолымен негізгі тәуекелдердің динамикасына және оларды жұмсарту бойынша іс-шаралардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі Компанияда жыл сайынғы негізде ТБКЖ тиімділігіне бағалау жүргізеді.
«KEGOC» АҚ Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) Компанияның тәуекелдерге жылдам әрекет ете алатын, негізгі және қосалқы бизнес-процестер мен күнделікті операцияларды бақылауды жүзеге асыра алатын, сонымен қатар тиісті деңгейдегі басшылыққа кез келген кемшіліктер мен жақсаруға арналған салалар туралы тез арада хабарлауды жүзеге асыра алатын басқару жүйесін құруын көздейді.
«KEGOC» АҚ Ішкі бақылау жүйесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу регламентіне сәйкес ІБЖ тиімділігін әзірлеу, бекіту, қолдану және бағалау процестеріне қатысты олардың атқаратын рөліне байланысты ІБЖ-ға кіретін органдардың құзыреті шектеледі. ІАҚ қатысушылары бұл Директорлар кеңесі, Басқарма, Аудит жөніндегі комитет, Ішкі аудит қызметі, құрылымдық бөлімшелер — бизнес-процестердің иелері, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше болып табылады.
2018 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі ІБЖ-ны жетілдіру мақсатында «KEGOC» АҚ Ішкі бақылау жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу регламентіне өзгерістерді бекітті.
2017-2018 жылдары «KEGOC» АҚ корпоративтік басқаруды тәуелсіз диагностикалау шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ PwC компаниясымен бірлесе ТБЖ мен ІБЖ тиімділігіне бағалау жүргізді. Диагностикалау нәтижелері бойынша «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау» компоненті «ВВ» деңгейінде, яғни беліленген өлшемдердің көбісіне барлық маңызды аспектілерде сәйкес келетін деңгейде бағаланды.
2018 жылы «KEGOC» АҚ акционерлер, инвесторлар мен басқа да стейкхолдерлер үшін ақпаратты теңдей, толық, дұрыс және жедел ашып көрсету қағидаттарын сақтау мақсатында ақпараттық саясатты іске асыруды жалғастырды.
«KEGOC» АҚ инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізеді, осылайша 2018 жылы «KEGOC» АҚ қызметі туралы акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтитын ақпаратты ашып көрсетуден басқа «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) алаңында іс-шара («Эмитент күндері») өткізілді. Бұл іс-шарада Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық компаниялары өкілдерінің, бағалы қағаздар нарығы сарапшылары мен БАҚ-тың (бұқаралық ақпарат құралдары) қатысуымен 2017 жылғы және 2018 жылғы 1-жарты жылдықтағы өндірістік-шаруашылық қызметтің қорытындылары талқыланды.
«KEGOC» АҚ «Инвестициялық имиджді» қалыптастыру мақсатында «KEGOC» АҚ мен нарық сарапшылары арасындағы сындарлы сұхбатты, келіссөз процесі мен инвесторлармен өзара іс-қимылды, инвесторларға ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсетуді, акционерлер мен инвесторлардың менеджментпен сенімгерлік қарым-қатынастарын қалыптастыруды ұйымдастыруға тырысады.
Акционерлердің құқықтарын іске асыру, сонымен қатар пайдаланушылар үшін аса маңызды ақпараттың өте жеделдігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ БАҚ-та, сонымен қатар Компанияның корпоративтік веб-сайттары мен Facebook және Twitter әлеуметтік желілері беттерінде өндірістік-шаруашылық қызметі туралы, сонымен қатар «KEGOC» АҚ орталық кеңсесінде өткізілген ТМД Электр энергетикалық Кеңесі отырысы туралы және Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген жалпыұлттық телекөпір барысында саладағы ірі инфрақұрылымдық жоба — «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ ӘЖ салу жобасын іске қосу туралы материалдарды жариялауды қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, инвестициялық қызметті ақпараттық қолдау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында «KEGOC» АҚ Компания басшылығының брифингтерде, салалық мамандандырылған көрмелерде, форумдар мен басқа да имидждік іс-шараларда сөз сөйлеуі мен сұхбат беруін ұйымдастырды, атап айтқанда Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевтің «Электр энергетикасы: жаңа технологиялар — жаңа мүмкіндіктер» тақырыбы бойныша брифингі болды.
Негізгі нысаналы топтардың «KEGOC» АҚ қызметі туралы хабардарлығы мен «KEGOC» АҚ акционерлері мен басқа да мүдделі тараптары алдында стейкхолдер арасындағы рейтингін кешенді бағалау үшін, сонымен қатар ақпараттық айқындықты бағалау және ақпаратты ашып көрсету процестерінің тиімділігін анықтау мақсатында 2018 жылы тәуелсіз тарап дәреже аудитін өткізді.
Халық арасында, «KEGOC» АҚ персоналы, сарапшылар (орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары өкілдері, қаржы мекемелерінің өкілдері, сала мен бизнес өкілдері) арасында өткізілген есеп «KEGOC» Қызметінің айқындығы, қабылдануы және ақпаратты ашуды реттейтін және «KEGOC» АҚ беделін құруға айтарлықтай әсер ететін процестердің тиімділігі туралы ақпараттан тұрады. «KEGOC» АҚ іскери дәрежесін жақсартуға/түзетуге бағытталған ұсынымдардан тұрады. Осылайша, есептік жылы Компанияның дәрежелік бағасы дәреженің барлық негізгі параметрлері бойынша өскенін көрсете отырып, 80,4%-ды құрады.
Ақпаратты ашып көрсеткен кезде «KEGOC» АҚ бұрынғыдай коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәдіметтерді, сонымен қатар таратылуы шектеулі мәліметтерді қорғауды басшылыққа алады.