КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысына сәйкес құрылды. «KEGOC» АҚ 1997 жылғы 11 шілдеде бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтті.

Басшылықтың үндеуі

alt

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЗІ

2018 жыл «KEGOC» АҚ үшін маңызды жыл болды. 2018 жылғы тамызда Директорлар кеңесі акционердің 2018-2028 жылдарға арналған пайымы бойынша ұзақ мерзімді хатына сай Даму стратегиясын жаңартуға бірауыздан дауыс берді. «KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттары мен міндеттері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарымен сәйкес келтірілді: технологиялық даму және бизнесті цифрландыру бойынша міндеттер енгізілді; салынған капиталдың тиімділігін арттыруды және бизнестің жаңа түрлерін дамытуды қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар портфелі жаңартылды.
alt

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЗІ

Есептік жылда орын алған басты оқиға бұл «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) — Ақтоғай — Талдықорған — Алма ӘЖ-ні салу» жобасының табысты іске асуы болып табылады. Аталған транзит 2018 жылғы 11 желтоқсанда Индустриалдандыру күні қарсаңында жалпы ұлттық телекөпір кезінде іске қосылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, іске асырылған жобаға жоғары баға берді.

НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАР

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Әбдіғалиұлы Бектеміровтің өкілеттігі өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.

  • KASE алаңында «KEGOC» АҚ үшін инвесторлар тарапынан эмитентке қызығушылықты арттыруға және эмитенттің оның акционерлерімен кері байланысын реттеуге бағытталған «Эмитент күні» кездесуі өтті.

  • 2017 жылы «KEGOC» АҚ-ның тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптар алдында реттелетін қызмет көрсету бойынша қызметі туралы жыл сайынғы есебі тыңдалды.

  • «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілді, онда KEGOC 2017 жылғы жылдық қаржылық есептемесі бекітілді, дивидендтер төлеуге арналған қаражат көлемі анықталды.

    Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтады, сонымен қатар өз міндеттерін орындағаны үшін «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен талаптары белгіленді.

    «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Тағашев Ибрагим Есенжанұлы тағайындалды.

  • «KEGOC» АҚ 2017 жылғы және 2018 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық есептемесі жарияланды.

  • «KEGOC» АҚ 2017 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивиденд төлеуді бастады

  • S&P Global Ratings «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «ВВ» деңгейінен «ВВ+» деңгейіне көтерді. Рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты»

  • Fitch «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB-» деңгейінде растады: Болжам тұрақты

  • Moody’s «KEGOC» АҚ рейтингін Ваа3 деңгейінде растады, және Компанияның кредитке қабілеттілігі бойынша өз бағасын ba2 деңгейіне дейін көтерді

  • «KEGOC» АҚ 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есептемесі жарияланды

«KEGOC» АҚ Даму стратегиясы

ҚАЗАҚСТАН БЭЖ-ДІҢ СЕНІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, яғни Қазақстан БЭЖ Жүйелік операторы функцияларын сапалы орындау; пайдалану бойынша сапалы қызмет көрсету, қолданыстағы активтерді жөндеу және жаңарту; жаңа электр энергиясын жеткізу желілерін және қосалқы станцияларды салу жолымен Қазақстан БЭЖ-дің өткізу қабілетін арттыру; технологиялық даму және бизнесті цифрландыру.
«KEGOC» АҚ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
салынған капиталдың тиімділігін арттыру және бизнестің жаңа түрлерін дамыту; «KEGOC» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы қамтамасыз ету.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру; корпоративтік басқаруды жетілдіру; адами капиталды дамыту және қоршаған ортаға қамқорлық арқылы КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ.
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғ., 59-ғимарат