«KEGOC» АҚ орталық кеңсесінде ТМД Электр энергетикалық кеңесінің (ТМД ЭЭК) 53-отырысы өткізілді, онда Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан электр энергетикасын басқару мемлекеттік органдарының және электр энергетикалық компанияларының өкілдері, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитеті, Еуразия Экономикалық Комиссиясы, «Энергия» ҮДО өкілдері қатысты.