2-мақсат. «KEGOC» АҚ тиімді қызметін қамтамасыз ету

Тариф саясаты

ҰЭТ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі миссияны орындау үшін «KEGOC» АҚ кірістерінің негізгі көзі бұл табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекітетін реттелетін қызмет тарифтерінің шекті деңгейі болып табылады.

Компания ірі инвестициялық жобаларды іске асыра отырып, тарифтерді жоспарлы өсіру саясатын ұстанады. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ ұсынатын мынадай қызметтері табиғи монополиялар саласына жатады:

  • ҰЭТ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
  • электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.

«KEGOC» АҚ өзінің құрылған кезінен бастап реттелетін қызметтердің тарифтік саясатын жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырады, тарифтік саясатты жетілдіру бойынша тиісті ұйымдардың жұмысына белсенді түрде қатысады.

Заңнамаға сәйкес «KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетіне (табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган) табиғи монополиялар саласына жататын реттелетін қызметтерге тарифтерді бекітуге (қайта қарауға) өтінім беру жұмысы жүзеге асырылуда.

Компанияның тарифтері «шығындар плюс тіркелген пайда» әдісі бойынша белгіленеді, соған сәйкес Компания белгілі бір уақыт кезеңіне тариф белгілеу мақсатында операциялық және қаржылық шығыстардың тиісті бағасына және капиталдың кірістілігінің әділ нормасына сүйенеді.

2013 жылы «KEGOC» АҚ тарифтердің шекті деңгейлерін қолдануға көшті. Тарифтердің шекті деңгейлерін есептеу қағидаттары тарифтердің шекті деңгейлері бес жылға дейінгі мерзімге бекітілетінін қоспағанда, жыл сайынғы тарифтердің есебіне ұқсас. Тарифтердің шекті деңгейлері Компанияға өзінің мүмкіндіктерін ұзақ кезеңге жоспарлауға мүмкіндік береді, ал акционерлердің Компания туралы аса толық ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Белгіленген рәсімдерге сәйкес «KEGOC» АҚ табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттелетін қызметтері тарифтерінің шекті деңгейін және тарифтік сметаларын бекіту жөнінде өтініммен жүгінген болатын. Қарау қорытындылары бойынша ТМРБжәнеТҚҚК 2015 жылғы 21 қыркүйектегі №388-ОД бұйрығымен «KEGOC» АҚ реттелетін қызмет тарифтері мен тарифтік сметаларының шекті деңгейлері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі бес жылдық кезеңге бекітілді.

теңге кВт/сағ. 2016 2017 2018 2019 2020
электр энергиясын жеткізу 2,080 2,246 2,496 2,823 2,797
техникалық диспетчерлендіру 0,231 0,234 0,249 0,306 0,306
электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 0,084 0,086 0,091 0,098 0,098

2018 жылы «KEGOC» АҚ реттелетін қызметтеріне мынадай уақытша өтелетін тарифтер қолданылды:

Қызмет (теңге кВт/сағ.) Кезең Негіздеме Шешім
01.01.2018–
30.06.2018
01.07.2018–
31.12.2018
2016 және 2017
жылдары та-
рифтік сметалар-
дың орындалуы
бойынша есепті
қарау қорытын-
дылары бойынша
Табиғи
монополия
саласындағы
уәкілетті
орган
электр энеригясын жеткізу 2,4957 2,4928
техникалық диспетчерлендіру 0,2489 0,2482

Сонымен қатар уәкілетті орган «КЕGOC» АҚ-ның 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 2018 жылдың соңына дейін электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру қызметтері тарифтерінің шекті деңгейлерін 5%-ға (0,2482-ден 0,237 теңге/кВт·сағ. дейін) және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша 3%-ға (0,091-ден 0,088 теңге/кВт·сағ дейін) төмендету туралы шешімін келісті.

«КЕGOC» АҚ тарифтердің шекті деңгейлерін төмендету туралы бұл шешімі 2018 жылдың өткен кезеңінде электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру бойынша және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көлемдерінің нақты өсуін есепке ала отырып, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектісінің мүдделері теңгеріміне қол жеткізу мақсатында қолданыстағы заңнама шеңберінде қабылданды.

2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Елбасының тапсырмасын орындау аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясының құнын төмендету туралы шешім қабылдады. Аталған шешімді, сонымен қатар «KEGOC» АҚ көрсететін қызметтер көлемінің өсуін назарға ала отырып, халықты, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында Компания ұсынылатын қызметтердің тарифтерін 2018 жылғы деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Қызмет 2019 жылға бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері (теңге/кВт·сағ.) 2019 жылға тарифтердің шекті деңгейлері төмендетуін есепке алумен (теңге/кВт·сағ.)
Электр энергиясын жеткізу 2,823 2,496
Техникалық диспетчерлендіру 0,306 0,237
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 0,098 0,088

Бекітілген рәсімдерге сәйкес Компания мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың алдында қызметінің әділдігін қамтамасыз ету болып табылатын реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет туралы жария тыңдалымдар жүргізеді. Жария тыңдалымдарды өткізудің негізгі қағидаттары Компания қызметінің жариялығы, ашықтығы және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау болып табылады.

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер талдауы

2018 жылғы қаржы-экономикалық қорытындыларға көрсетілетін реттелмелі қызмет көлемдерінің артуы, «Құрылыс» сыныбы бойынша негізгі құралдарды қайта бағалау, 2017 жылдың соңында тартылған қарызды мерзімінен бұрын ішінара өтеу әсер етті.

Кірістер мен шығыстардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын талдау, млн. теңге

2018 жоспар 2018 факт ауытқу Ауытқулардың негізгі себептері
Шоғырландырылған
кірістер
173 225,15 194 194,04 +12,1%
негізгі қызметтен
болған кірістер
171 268,92 175 797,39 +2,6% Реттелетін қызметтен, электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағындарының сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатудан түскен кірістердің артуы нәтижесінде. Бұл ретте сатымдық электр энергиясын сатудан болған кірістердің төмендеуі («Узбекэнерго» АҚ тарапынан электр энергиясын сатып алудың болмауы), «ЖЭК бойынша ҚЕО» ЖШС жаңартылатын энергия көздері өндірген сатымдық электр энергиясын сатудан және қуатты реттеу бойынша қызметін сатудан кірістердің азаюы.
негізгі емес қызметтен болған кірістер 1 956,23 18 396,65 Оң бағамдық айырмашылықтан болған кірістердің, Құрылыс сыныбының НҚ құнсыздануынан болған кірістердің, депозиттермен болған операциялардан түскен сыйақы түріндегі кірістер; қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен болған кірістердің, сонымен қатар басқа ұйымдардағы үлестік қаттысудан (қауымдастырылған кәсіпорындар пайдасының үлесі) болған кірістердің өсуіне байланысты.
Шоғырландырылған шығыстар 129 259,32 143 169,22 +10,8%
өзіндік құны 107 082,58 105 840,19 -1,2% Электр энергиясының технологиялық шығыстары (ысырабы), «Узбекэнерго» АҚ тарабынан келісім шарттық емес іріктеулерді өтеу үшін электр энергиясын сатып алу бойынша шығыстар бойынша, электр энергиясын жеткізудің болмауына байланысты, сонымен қатар тараптық ұйымдар көрсеткен қуатты реттеу шығыстары бойынша. Сонымен бірге қызметті бағалаудың жаңа рәсімін ендіру мерзімінің кейінге қалдырылуы нәтижесінде еңбекақы төлеу шығыстарының, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға және ЖЖМ мен т.б. жұмсалған шығыстардың төмендеуі орын алды. Бұл ретте, НҚ қайта бағалау салдарынан амортизациялық аударымдар бойынша, теңгерімсіздіктерді өтеу мақсатында РФ энергия жүйелерінен электр энергиясын сатып алуға, үшінші тараптардың желілері арқылы электр энергиясын жеткізуге, жаңартылатын энергия көздері өндірген электр энергиясын жеткізуге жұмсалған шығыстар артты.
жалпы және
әкімшілік шығыстар
16 848,22 15 499,09 -8% Капиталдандыру салдарынан консультациялық қызметтер бойынша шығыстардың, еңбекақы төлеуге жұмсалған, бизнесті трансформациялау орталығының ақпараттық жүйелеріне техникалық қолдау көрсетуге жұмсалған, іссапар шығыстары бойынша, сонымен қатар кезеңнің басқа да шығыстары бойынша шығыстардың азаюы салдарынан. Бұл ретте, мүлік салығына жұмсалатын шығыстар артты.
2018 жоспар 2018 факт ауытқу Ауытқулардың негізгі себептері
жалпы және әкімшілік
шығыстар
152 379,82 175 797,39 15,4% Капиталдандыру салдарынан консультациялық қызметтер бойынша шығыстардың, еңбекақы төлеуге жұмсалған, бизнесті трансформациялау орталығының ақпараттық жүйелеріне техникалық қолдау көрсетуге жұмсалған, іссапар шығыстары бойынша, сонымен қатар кезеңнің басқа да шығыстары бойынша шығыстардың азаюы салдарынан. Бұл ретте, мүлік салығына жұмсалатын шығыстар артты.
Шоғырландырылған
кірістер
178 134,83 194 194,04 +9,0%
негізгі қызметтен
болған кірістер
152 379,82 175 797,39 15,4% Орындалуы реттелетін қызметтер бойынша кірістердің, сонымен қатар «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС электр энергиясын сатып алу-сату бойынша операцияларынан болған кірістердің артуы салдарынан негізделді.
негізгі емес қызметтен
болған кірістер
25 755,00 18 396,65 -28,6% Оң бағамдық айырмашылықтан, депозиттермен жасалған операциялардан, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді берешегінің әділ құнының өзгеруінен, басқа ұйымдардағы қатысу үлесінен (қауымдастырылған кәсіпорындар пайдасының үлесі) болған кірістердің төмендеуі салдарынан. Бұл ретте, Құрылыс сыныбының НҚ құнсыздануынан залалдарды қалпына келтіруден болған кірістің, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кірістің, қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен болған кірістердің өсуі орын алды.
Шоғырландырылған
шығыстар
135 493,13 143 169,22 +5,7%
өзіндік құны 89 399,37 105 840,19 +18,4% Жаңартылған энергия көздері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалған, НҚ қайта бағалау салдарынан амортизациялық аударымдар бойынша, электр энергиясының технологиялық шығысы (ысырабы) бойынша, теңгерімсіздікті өтеу мақсатында РФ энергия жүйесінен электр энергиясын сатып алуға, үшінші тараптардың желілері арқылы электр энергиясын жеткізуге жұмсалған шығыстардың артуымен негізделген.
жалпы және әкімшілік
шығыстар
13 142,39 15 499,09 +17,9% Артуы негізінен резервті, мүлік салықтары бойынша шығыстарды, еңбек ақы төлеу шығыстарын есептеуге байланысты. Бұл ретте консультациялық қызметтер мен қызметкерлерді медициналық сақтандыру бойынша шығыстар төмендеді.

Жоғарыда көрсетілген барлық факторлар 2018 жыл қорытындылары бойынша операциялық пайдаға және қаржылық нәтижеге әсер етті.

Бұл жылдық есепте көрсетілген жоспарларға қатысты кез келген ақпарат болжамды сипатта және «KEGOC» АҚ-ның алдағы болатын оқиғаларға қатысты ағымдағы көзқарастарын көрсетеді, «KEGOC» АҚ бизнесіне, қаржылық жағдайына, операциялық нәтижелеріне, даму стратегиясы мен өтімділігіне жататын сол немесе басқа да тәуекелдерге, екіұштылықтар мен жорамалдарға бейім.

Халықаралық ынтымақтастық

Қатарлас жұмыс шеңберінде шектес мемлекеттердің энергия жүйелерінің шаруашылық жүргізетін субъектілерімен өзара іс-қимыл туралы

Өз қызметінде «KEGOC» АҚ басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады:

  • Ресей Федерациясы («ФСК ЕЭС» ӨАҚ, «СО ЕЭС» АҚ, «Интер РАО» ӨАҚ);
  • Қырғыз Республикасы («Электрические станции» ААҚ, «НЭС Кыргызстана» ААҚ);
  • Өзбекстан Республикасы («Узбекэнерго» АҚ);
  • Тәжікстан Республикасы («Барки Точик» ХК АҚ).

Ресей Федерациясы

2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы Үкіметаралық келісімге сәйкес қатарлас жұмысты қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап жасалған шарттар бойынша «KEGOC» АҚ-ның Ресей Федерациясының контрагенттерімен өзара қарым-қатынасы жалғастырылды. Бұл шарттар Қазақстан БЭЖ бен Ресей БЭЖ қатарлас жұмыс істеген кездегі негізгі техникалық және қаржылық міндеттерді реттейді:

  • Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикалық жүйесінің қатарлас жұмысы туралы шарт;
  • «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ӨАҚ арасында жасалған Ресей БЭЖ-бен шекарада Қазақстан БЭЖ-дің электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо ағындарының жоспардағыдан сағаттық ауытқуларын сатып алу-сату шарттары;
  • «KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу (транзиті) бойынша қызмет көрсету шарты.

2018 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ӨАҚ арасында жасалған шарттар бойынша Қазақстан БЭЖ мен Ресей БЭЖ арасындағы шекарада нақты сальдо-ағындардың жоспардағыдан сағаттық ауықтуларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату операциялары жүзеге асырылды.

2018 жылы «KEGOC» АҚ мен «ФСК ЕЭС» ӨАҚ арасында жасалған шарттар бойынша Ресей Федерациясы — Қазақстан Республикасы — Ресей Федерациясы бағыты бойынша «KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу (транзит) жүзеге асырылды.

Орталық Азия

2018 жылы:

  • Өзбекстан энергия жүйесі Қазақстан БЭЖ-ден электр энергиясын жоспардан тыс алуды жүзеге асырған жоқ;
  • «KEGOC» АҚ шартқа сәйкес Өзбекстан энергия жүйесі үшін қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қызмет көрсетті;
  • 6-шы ҮАК тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Қырғызстан энергия жүйелерінің арасындағы жоспардан тыс ағындарды реттеу мақсатында «KEGOC» АҚ мен «НЭС Кыргызстана» ААҚ арасында электр энергиясын сатып алу-сату жүзеге асырылды.

Есептік кезеңде Орталық Азияның энергия жүйелерімен қатарлас жұмыстың басқа да аспектілері бойынша жұмыс жалғастырылды.

2018 жылы «KEGOC» АҚ Орталық Азияның Үйлестіру Электр энергетикалық кеңесінің 33-ші Үйлестіру комисиясы мен 2018 жылғы 24-25 қазанда Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) өткізілген Орталық Азияның 29-шы Үйлестіру Электр энергетикалық Кеңесінің отырыстарына, Орталық Азияның Үйлестіру Электр энергетикалық Кеңесінің 32-ші Үйлестіру комиссиясының және 2018 жылғы 20-21 маусымда Чолпан-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) өткізілген 28-ші Үйлестіру Электр энергетикасы Кеңесінің отырыстарына қатысты.

ТМД Электр энергетикалық кеңесі

2018 жылы ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 2 отырыс өткізілді: 52-ші (сырттай) және 53-ші.

ТМД ЭЭК 53-отырысы 2018 жылғы 2 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «KEGOC» АҚ Орталық кеңсесінде өтті. Оның жұмысына Әзербайжан, Армения, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан электр энергетикалық компаниялары мен электр энергетикасын мемлекеттік басқару органының делегациялары, сонымен қатар ТМД Атқарушы комиетінің, Еуразиялық Экономикалық Комиссиясының, «Энергия» ҮДК өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар ТМД электр энергетикалық жүйесінің халықаралық ынтымақтастығы бойынша өте өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ТМД елдері делегациясы басшыларының Достастық мемлекеттерінің энергия жүйелерінің 2018-2019 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдеріне дайындығы туралы ақпараты тыңдалды, ТМД мен Балтық энергия жүйелерінің бірлескен жұмысын жедел-диспетчерлік үйлестіру жөніндегі комиссияның (ЖДҮК) бірқатар құжаттары талқыланды.

Отырыс нәтижелері бойынша ТМД қатысушы мемлекеттерінің электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы және ынтымақтастығы стратегиясына (негізгі бағыттар) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды және мақұлданды, персоналды дайындау мәселесін, ТМД ЭЭК жұмыс тобы қызметін реттейтін құжаттар және ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, қабылданды. Сонымен қатар, ТМД электр энергетикалық жүйелерінің бірқатар өкілдеріне «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағын беру туралы шешім қабылданды.

«KEGOC» АҚ қызметкерлері ТМД ЭЭК мына жұмыс топтарының отырыстарына қатысты:

  • ТМД қатысушы мемлекеттерінің электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы стратегиясының орындалуы бойынша Үйлестіру кеңесінің 27, 28-отырыстары;
  • ЖТҮК 32 және 33 (сырттай) отырыстары;
  • «ТМД қатысушы мемлекеттерінің жалпы электр энергетикалық нарығын құру» жұмыс тобының 32-отырысы;
  • ТМД шеңберінде электр энергетикасын реттеудің нормативтік-техникалық базасын жаңарту және үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының 30-отырысы;
  • ТМД энергетика саласын метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының 23-отырысы;
  • ТМД қатысушы мемлекеттерінің электр энергетикалық объектілерінде авариялар мен басқа да төтенше жағдайлар орын алған жағдайда өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының 11, 12-отырыстары;
  • Жабдықтардың жұмыс істеу сенімділігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс тобының 10,11-отырыстары;
  • ТМД ЭЭК қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының және Энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырыстары;
  • ТМД электр энергетикасындағы персоналмен жұмыс және кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының 17, 18-отырыстары.

Жоғары кернеулі үлкен жүйелер жөніндегі халықаралық кеңес (CIGRE)

«KEGOC» АҚ 2018 жылғы 26 және 31 тамыз аралығын қоса алған кезеңде Париж қаласында өткен Жоғары кернеулі үлкен жүйелер жөніндегі халықаралық кеңестің (CIGRE) 47-сессиясының жұмысына қатысты. Әрбір екі жылда өткізілетін CIGRE сессиясы — халықаралық конгресті және электр энергетикалық жабдық көрмесін қамтитын электр энергетикасындағы бірегей оқиға. Әлемдік электр энергетикалық компаниялардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, электр энергетикасы үшін жабдықтар мен материалдар өндірушілердің, жобалау институттарының және жоғары оқу орындарының 3500-ден астам делегаттары мен өкілдерін жинаған алаңда энергия жүйелерінде айнымалы және болжануы қиын жаңартылатын энергия көздерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген жаңа технологияларға байланысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, іс-шара аясында мынадай тақырыптар талқыланды: жеткізу және тарату жүйелерінде энергия жинақтау технологиясы, тұрақты токтың жоғары волттық желілер технологиясы және өте жоғары кернеулі айнымалы және тұрақты ток байланысын құру және т.б. Сонымен қатар, жекелеген сессиялар энергия тұтынуды басқарудағы тұтынушылардың рөлін күшейту, зияткерлік желілерді қалыптастыру және дамыту процесінде жаңа технологиялар мен шешімдерді қолдану мәселелеріне арналған.