2018 жылы «KEGOC» АҚ 2014 жылы салына бастаған инфрақұрылым саласындағы ірі жобаны толығымен аяқтады. Төрт жыл ішінде ұзындығы 1 700км астам жоғары вольтті желілер, 500кВ «Семей», «Ақтоғай», «Талдықорған» ҚС сыныпты үш жаңа қосалқы станция (ҚС) салынды. 1 150 кВ «Екібастұз», 500 кВ «Өскемен» ҚС-дағы ашық тарату құрылғылары (АТҚ) және 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ кеңейтілді. 500 кВ «Алма» ҚС кеңейтіліп, қайта құрылды.
2018 жылғы 11 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында өткізілген жалпы ұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Назарбаев Н.Ә. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевқа 500 кВ «Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма» ӘЖ жоғары вольтті желілерін (жобаның екінші кезеңі) іске қосуға бұйрық берді.
Екінші кезеңі – «500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ-ні салу» 2016 жылғы 6 желтоқсанда өткізілген телекөпір барысында іске қосылды.
Елбасы Шығыс Қазақстан арқылы Талдықорған мен Алматыны электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бұл жобаның өте маңызды екенін атап өтті.
Құрылыс кезінде отандық өндірушілер шығаратын жабдықтар мен материалдар кеңінен қолданылды.
Бұл электр жеткізу желілерін іске қосу солтүстік электр станцияларынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне дейінгі электр энергиясының транзитін 1 450 МВт-тан 2 100 МВт-қа дейін арттырды.
Шығыс транзитін іске қосу жаңартылатын энергия көздерін, атап айтқанда гидроэлектрстанцияларын дамытуға қарқын береді.
Құрылыс кезеңінде 1 800-ден астам жұмыс орындары құрылды, электр жеткізу желілерін пайдалануға берген кезде 84 тұрақты жұмыс орындары болады.
Екібастұз –
Шүлбі (Семей) – Өскемен
«500 кВ Екібастұз – Шүлбі (Семей) - Өскемен ӘЖ-ні салу» жобасының мақсаты Солтүстік-Шығыс қимасындағы желілердің өткізу қабілетін арттыру, Ресей БЭЖ желісі арқылы электр энергиясына тәуелді болмай, Шығыс Қазақстан облсындағы тапшылықтарды өтеуді қамтамасыз ету, Бұлақ ГЭС контрреттеуішін іске қосқан кезде Шүлбі ГЭС-інен толық қуат беруді қамтамасыз ету болып табылады.
Жобаның сипаты:
Жобаны іске асыру мерзімі
Жоба құны
Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай –
Талдықорған – Алма
«500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай- Талдықорған – Алма желісін салу» жобасының мақсаты Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытында ҰЭТ-тың транзиттік әлеуетін арттыру, темір жолдардың, тау-кен өнеркәсібінің энергия сыйымды объектілерінің электрлендірілетін учаскелеріндегі электр энергиясына деген қажеттілікті өтеуді қамтамасыз ету, шекара маңындағы аумақтарды дамыту және жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін ауқымды игеру үшін жағдай жасау, сонымен қатар Шығыс аймақтың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейту болып табылады.
Жоба сиапттамасы:
Іске асыру мерзімі
Жобаның құны