1-мақсат. Қазақстан БЭЖ-НІҢ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Желінің сенімділігі

2018 жылы «KEGOC» АҚ-ның электр тораптарында 272 авариялық ажыратулар болды (бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3 %-ға аз): 149 жағдайда тораптың тұрақты жұмысы автоматты қайталама қосылу (АҚҚ) құрылғыларының сәтті жұмыс істеуі арқылы сақталды, 123 жағдайда АҚҚ сәтсіз жұмыс істеуімен ажыратылды. 2018 жылы Компанияда 49 технологиялық бұзылыстар тіркеліп, тексерілді, барлық 49-ы ІІ дәрежелі тоқтап қалу. І дәрежелі авариялар мен тоқтап қалу болмады. 2017 жылы 52 технологиялық бұзылыс есепке алынды, олардың ішінде 1-еуі І дәрежелі және 51-і ІІ дәрежелі. Авариялар болмады. Технологиялық бұзылыстардың жалпы саны 2017 жылмен салыстырғанда 6 %-ға азайды.

2018 жылы электр жеткізу желілерінде 33 технологиялық бұзылыс болды, бұл жалпы санының 67%-ын құрайды. ӘЖ-дегі жалпы технологиялық бұзылыстардың 10-ында ӘЖ элементтері зақымданды.

2018 жылы қосалқы станцияларда 16 технологиялық бұзылыс болды, бұл жалпы санынан 33%-ды құрайды. ҚС-дағы жалпы технологиялық бұзылыстардың 3-інде негізгі жабдық зақымданды.

Электр энергиясының жиынтық толымсыз босатылуы 2017 жылғы 246,7 мың. кВт сағ. қарағанда 2018 жылы 274,18 мың кВт сағ. құрады. Электр энергиясын толымсыз босату негізінен табиғи құбылыстардың әсеріне байланысты орын алды.

Тораптың сенімділік деңгейін бағалау үшін Компанияда SML және WWP индикаторлары белгіленді. 2018 жылы SML көрсеткішінің мәні 1,11 минутты, ал WWP — 98,78%-ды құрады және Компанияның Стратегиясын жаңарту шеңберінде жүргізілген бенчмаркинг нәтижелері бойынша электр энергетикалық тораптардың ұқсас жүйелік операторларының сенімділік көрсеткіштері мәндерінің деңгейіне сәйкес келеді.

Инвестициялық қызмет

ҰЭТ жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету, Компания тораптарының өткізу қабілеттерін арттыру және энергия тиімділігін арттыру мақсатында негізгі қорларды қайта құруға, техникалық қайта жарақтауға, сонымен қатар жаңа активтерді құруға бағытталған қаражатты салу және қайтару инвестициялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.

2018 жылы күрделі қаржы салымдары 42,83 млрд. теңге (соның ішінде кредит үшін капиталдандырылатын сыйақылар — 7,98 млрд. теңге) мөлшерінде жоспарланған кезде 42,62 млрд. теңге (соның ішінде кредит үшін капиталдандырылатын сыйақылар — 7,82 млрд. теңге) игерілді. Жоспарланған жұмыс көлемдерін орындау кредит үшін капиталдандырылатын сыйақыларды есепке алмағанда 99,5-ды құрады.

018 жылы «KEGOC» АҚ 2014 жылы басталған Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500кВ ӘЖ құрылысы бойынша саладағы ірі инфрақұрылымдық жоба бойынша негізгі жұмыстарды аяқтады. Төрт жыл ішінде жалпы ұзындығы 1 773,1 км болатын жоғары вольтті желілер, үш жаңа 500 кВ «Семей», «Ақтоғай» және «Талдықорған» қосалқы станциялары салынды. 500 кВ Алма ҚС кеңейтіліп, қайта құрылды, 1150 кВ «Екібастұз», 500 кВ «Өскемен» ҚС қосалқы станцияларындағы АТҚ және 220 кВ Шүлбі ГЭС АТҚ кеңейтілді.

Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның солтүстік электр станцияларынан оңтүстік өңірлеріне дейін электр энергиясын жеткізуді 1 450 МВт-дан 2 100 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа транзит бірқатар маңызды міндеттерді де шешуге, соның ішінде қазіргі уақытқа дейін электрмен жабдықтау Ресей аумағы арқылы жүзеге асырылып келген Шығыс Қазақстан облысы тұтынушыларының энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосымша ретінде темір жолдардың электрлендірілетін учаскелеріндегі және тау-кен өнеркәсібінің энергия сыйымды кәсіпорындарындағы электр энергиясына қажеттілігін өтеу қамтамасыз етілетін болады. Шығыс транзитін пайдалануға беру өңірлерде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, атап айтқанда шағын гидроэлектрстанцияларының дамуына қарқын бере түсетіні маңызды және уақтылы болып табылады.

Компанияның балансында тұрған пайдалану мерзімі 30 жылдан астам уақытты құрайтын 110-1150 кВ ӘЖ жалпы ұзындығының 72 %-ын (26 776км-дің 19 184км) құрайтын болғандықтан активтердің тозу үрдісін еңсеру үшін «KEGOC» АҚ оларды қайта құру бойынша жұмыс ауқымын арттыруды жоспарлауда.

Осы мақсатта Компанияның филиалдарында кернеуі 220-500кВ әуе желілерін қалпына келтіру жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұның аясында қолданыстағы ЭЖЖ құрылымдық элементтерін (тіректер, сымдар, желілік-аспалы аппаратура және т.б.) ішінара алмастыру жоспарлануда. Бұл олардың қызмет ету мерзімін айтарлықтай ұзартуға және соңында Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2018 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасы мынадай өзгертілген негізгі көрсеткіштерімен «ЖЭТ филиалдарында 220-500кВ ӘЖ-ні қайта құру» ТЭН жобалық шешімдерін іске асыруды бекітті: құны 40,7 млрд. теңге (ҚҚС-ны есепке алмағанда) және іске асыру мерзімі 2022 жылды қоса алған кезеңге дейін.

Қайта құрудың «бастапқы» объектілері бұл «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» (7 — 220 кВ ӘЖ), «Сарыбай ЖЭТ» (19 — 220-500 кВ ӘЖ) және «Батыс ЖЭТ» (1 — 220 кВ ӘЖ) филиалдарының балансында тұрған 27 әуе желілері болып табылады.

Жалпы құны 9,4 млрд. теңге (ҚҚС-ны есепке алмағанда) «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» және «220 кВ Түлкібас-Бурное (т)» инвестициялық жобаларын іске асыру жалғасуда. 2018 жылы жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды, материалдар мен жабдықтар жеткізілді, іргетастар орнатылды, сымдар монтаждалды. 2019 жылы бұл жобаларды аяқтап, барлық объектілерді пайдалануға беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар 220-500 кВ Өскемен-14 ҚС, ЕМАЭС-1-220 Екібастұз, ЕМАЭС-1- 1150 Екібастұз ӘЖ НСОК-тағы (найзағайдан қорғайтын сымарқанға кіріктірілген оптикалық кабель) найзағайдан қорғайтын сымарқанды ауыстыру жобасы іске асырылуда. Сонымен бірге Солтүстік ӨДО-220 Екібастұз байланыс желісін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалуда.

Мына жобаларды іске асыру жұмыстары басталды:

  • Орал-МГТС ҚС байланыс желісін салу;
  • Орталық ӨДО-ОЖЭТ базасы байланыс желісін салу (ОЖЭТ базасынан кабелді ЖЭО-3-ОӨДО кабеліне ойып орнату);
  • 500 кВ Жамбыл — Шымкент-500 ӘЖ бойынша найзағайдан қорғайтын сымарқанды ауыстыру;
  • 220 кВ Шымкент-500 — Шымкентская-220 ӘЖ бойынша найзағайдан қорғайтын сымарқанды ауыстыру.

Сонымен қатар, Компания бизнесін әртараптандыру және басқа да қызметтен қосымша пайда алу үшін «Деректерді беруге арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін дамыту» жергілікті жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Күрделі қаржы салымдары бойынша «KEGOC» АҚ өндірісінің ағымдағы деңгейін қолдау мақсатында 2018 жылы 8,39 млрд. теңге (ҚҚС-сыз) мөлшеріндегі игеру жоспары 103,8%-ға (8,71 млрд. теңге) орындалды. «KEGOC» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде бастама көтерілген жергілікті инвестициялық жобалар бойынша қаражаттың игерілуі жоспарда 3,02 млрд. теңге (99,4 %) болғанда 2,995 млрд. теңгені (ҚҚС-сыз) құрады.

2019 жылы «KEGOC» АҚ «ЖЭТ филиалдарындағы 220-500 кВ ӘЖ-ні қайта құру» жобасын (ҰЭТ-ты қалпына келтіру) белсенді іске асыруды жалғастырады, «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» ірі жобасы бойынша жобалық жұмыстарды бастауды, сонымен қатар жалпы құны шамамен 317 млрд. теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын перспективалық инвестициялық жобалар бойынша жоба алдындағы жұмыстарды жоспарлауда.

Технологиялық даму - бизнесті цифрландыру

Қазіргі заманғы әлемде Компанияны технологиялық дамыту бизнесті өркендету мен дамыту драйвері болып табылады және Компания қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар жасауға мүмкіндік береді.

Негізгі акционердің божамын орындау және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын белсенді іске асыру мақсатында «KEGOC» АҚ бизнесін цифрландыру тұжырымдамасы» әзірленді. Компанияда бизнесті цифрландыру тұжырымдамасы «KEGOC» АҚ Даму стратегиясына толықтыру және «KEGOC» АҚ барлық қызмет түрлерін цифрландыру процесінің негізгі бағыттарын, қағидаттары мен механизмдерін анықтайтын бизнесті цифрландыру мәселелері бойынша негізін құрайтын құжат болып табылады. «KEGOC» АҚ бизнесін цифрландыру тұжырымдамасы» «KEGOC» АҚ 2018 жылғы 28 наурыздағы шешімімен бекітілді.

2018 жылы Қазақстан БЭЖ-нің сенімділігін, басқарушылығы мен бақылануын арттыру мақсатында «KEGOC» АҚ «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін мынадай технологиялық даму жобаларын іске асыруды жалғастырды:

  • WAMS (Wide Area Measurement Systems) /WACS (Wide Area Control Systems) синхрофазорлық технологиялар негізінде монитроинг және басқару жүйесін ендіру.

General Electric Company компаниясымен серіктес бола отырып, «Синхрофазорлық технологиялар негізіндегі монитроинг жүйесі (WAMS)» бірінші компоненті іске асырыла бастады. Жоба шеңберінде 14 объектіде PMU (Phasor Measurement Unit) құрылғылары және бірқатар диспетчерлік орталықтарда мамандандырылған БЖ (бағдарламалық жасақтама) орнатылды. WAMS жүйесін 2019 жылғы бірінші тоқсанда тәжірибелік пайдалануға беру жоспарланып отыр.

  • Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін (ААОЖ) ендіру.
  • Жиілік пен қуат ағындарын автоматты реттеу (ЖҚАР) жүйесін ендіру.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» ҒАҚ мен «Институт автоматизации энергосистем» ЖАҚ (Ресей, Новосибирск қ.) серіктес бола отырып, көрсетілген соңғы екі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталды.

Көрсетілген жобаларды іске асырудан болатын негізгі нәтиже бұл қосымша электр желісін салмай-ақ электр энергиясын торап арқылы жеткізу артады, Ресей Федерациясымен шекарада қуаттың ауытқуы қысқарады, торапта технологиялық бұзылыс болған жағдайда тұтынушылардың ажыратылуы азаяды деп болжануда.

2018 жылы «Қазақстан БЭЖ-де тәжге жұмсалатын электр энергиясының ысырабын азайту бойынша техникалық-экономикалық зерттеу» жұмысы жалғастырылды. Бұл жұмыс шеңберінде жоғары вольттық әуелік электр жеткізу желілері сымдарының бетін өңдеуге арналған технологияларды қолдану арқылы «KEGOC» АҚ 500кВ желісіндегі «тәжге» кететін ысыраптарды азайту жұмыстары жүргізілуде. «KEGOC» АҚ зерттеу нәтижелері бойынша өнертабысқа патент алынды.

Сонымен қатар, 2018 жылы «Инженерный центр «ОРМАЭС» ААҚ (Ресей Федерациясы) 500 кВ ЭЖЖ-дегі электр энергиясының ысыраптарын азайту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғастырылуда. Оның мақсаты «KEGOC» АҚ көп көлемде электр энергиясының ысыраптары анықталған 500кВ ЭЖЖ-дегі электр энергиясы ысыраптарын азайту бойынша негізделген шараларды әзірлеу және себептерін анықтау болып табылады.

«KEGOC» АҚ-да тұрақты негізде Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) жұмыс істейді. ҒТК мына мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін құрылған «KEGOC» АҚ жұмыс органы болып табылады: «KEGOC» АҚ-ны дамыту, Даму стратегиясын іске асыру, жаңа құрылыс жобаларына жаңа техника мен технологияларды ендіруді әзірлеу және ұйымдастыру, электр желілік объектілерді қайта құру және қайта жарақтандыру, ҰЭТ жұмыс режимдерін жетілдіру, отандық ғылыми және өндірістік басымдылықты дамыту. 2018 жылы ҒТК 8 отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ ҒТК жанында Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитет тұрақты жұмыс істейді, бұл ҒТК қарауына ұсынылатын материалдар бойынша қорытындыларды қарау және дайындау жөніндегі, Компания қызметкерлерінің ұтымгерлік ұсыныстары бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі жұмыс органы болып табылады. 2018 жылы Комитеттің 6 отырысы өткізілді.

Қолданылатын технологиялардың, жабдықтардың энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдеу бағдарламасын қалыптастыру және электр энергиясының технологиялық шығысы деңгейін оңтайландыру Компания үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

«KEGOC» АҚ техникалық ысыраптары 2018 жылы 2,9 млрд. кВт·сағатты немесе электр энергиясын желіге босатудың 6,3%-ын құрайды, бұл табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерден асады.

2018 жылы ҒТК 2018-2022 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес технологиялық инфрақұрылымды дамытудың және электр энергетика саласын цифрландырудың негізгі бағыттары бойынша бірқатар іс-шаралар орындалды.

Компанияда АТ басқарудың нысаналы моделін дамыту бағыты бойынша қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-дағы негізгі АТ-процестерін автоматтандыратын мынадай ITSM (Information Technology Service Management) сыныптық орталықтандырылған ақпараттық басқару жүйесі ендірілді:

  • даулы оқиғаларды және қызмет көрсетуге сұраныстарды басқару;
  • АТ проблемаларын басқару;
  • АТ қызметі туралы келісімдерді басқару;
  • АТ-да өзгерістерді басқару;
  • АТ-да өзгерістерді беруді және қабылдауды басқару;
  • АТ-активтерді басқару;
  • конфигурацияларды (CMDB) Configuration management database) басқару.

«KEGOC» АҚ-да ақпараттық қауіпсіздіктің нысаналы моделін дамыту бағыты бойынша АТ пайдалану қызметтерінің тиімділігін арттыру шеңберінде ағымдағы жылы АТ-сервистері және АТК-инфрақұрылымдары (SIEM) Security information and event management) мониторингінің орталықтандырылған кешенді жүйесі енгізілді. SIEM-шешімнің негізгі міндеті Компанияның АТК-инфрақұрылымының бақылаудағы элементтерінің жай-күйі туралы ақпаратты алу, сақтау және талдау болып табылады.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ негізгі қызметінде АТК қатысу рөлін арттыру және электр энергетикалық салада озық технологиялық АТ-шешімдер ендіру мақсатында Компанияның негізгі және қолдайтын процестерін автоматтандыру, деректерді басқару бағдарламасын кеңейту, корпоративтік және технологиялық тораптарды сапалық жаңарту және қайта құрылымдау, сонымен қатар АТК-инфрақұрылымдарын және АТ-сервистерді орталықтандыру және виртуалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылы «Энергия үнемдеу және Компанияның энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қайта бекітілді. Оны іске асыру нәтижелері бойынша жоспарланып отырған энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайту көлемі 4 351 тонна шартты отын көлемінде, қаржылық баламада 215,1 млн. теңге мөлшерінде күтілуде.

Компания қызметкерлерді техникалық шығармашылыққа ынталандыра отырып, ұтымгерлік және өнертабыстық қызметке көбірек назар аударады. 2018 жылы Компания қызметкерлері өндірістік қызмет тиімділігін, еңбек өнімділігін, электрмен жабдықтау сенімділігіне арналған 38 ұтымгерлік ұсыныс әзірледі. Осылайша, «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының қызметкерлері ұсынған «220 кВ ӘЖ сымдарында пайда болған қатқақ мұздарды алып тастауға арналған құрал» ұтымгерлік ұсынысы, әзірленген техникалық шешімі жоғары вольттік электр жеткізу желілеріндегі қатқақ мұздарды мамандандырылған тәсілмен алып тастауға және қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, сонымен қатар жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы мен жылдамдығын арттыруға арналған. Бұл ұтымгерлік ұсыныс Компанияның қалған филиалдарында қолдану үшін ұсынылған.