Негізгі оқиғалар

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Әбдіғалиұлы Бектеміровтің өкілеттігі өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
KASE алаңында «KEGOC» АҚ үшін инвесторлар тарапынан эмитентке қызығушылықты арттыруға және эмитенттің оның акционерлерімен кері байланысын реттеуге бағытталған «Эмитент күні» кездесуі өтті.
2017 жылы «KEGOC» АҚ-ның тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптар алдында реттелетін қызмет көрсету бойынша қызметі туралы жыл сайынғы есебі тыңдалды.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілді, онда KEGOC 2017 жылғы жылдық қаржылық есептемесі бекітілді, дивидендтер төлеуге арналған қаражат көлемі анықталды.

Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтады, сонымен қатар өз міндеттерін орындағаны үшін «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен талаптары белгіленді.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Тағашев Ибрагим Есенжанұлы тағайындалды.
«KEGOC» АҚ 2017 жылғы және 2018 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық есептемесі жарияланды.
«KEGOC» АҚ 2017 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивиденд төлеуді бастады
S&P Global Ratings «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «ВВ» деңгейінен «ВВ+» деңгейіне көтерді. Рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты»
Fitch «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB-» деңгейінде растады: Болжам тұрақты
Moody’s «KEGOC» АҚ рейтингін Ваа3 деңгейінде растады, және Компанияның кредитке қабілеттілігі бойынша өз бағасын ba2 деңгейіне дейін көтерді
«KEGOC» АҚ 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есептемесі жарияланды
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша Құдабаев Ермек Әскербекұлы Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде тағайындалды
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Тағашев Ибрагим Есенжанұлының өкілеттігі өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды
Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиевтың «Электр энергетикасы: жаңа технологиялар — жаңа мүмкініктер» тақырыбындағы брифингі өткізілді.
«KEGOC» АҚ командасы Белоруссия Республикасы, Брест қаласында өткізілген ТМД қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық саласы персоналының кәсіби шеберлігі бойынша XV халықаралық жарыста II орын алды.
«KEGOC» АҚ орталық кеңсесінде ТМД Электр энергетикалық кеңесінің (ТМД ЭЭК) 53-отырысы өткізілді, онда Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан электр энергетикасын басқару мемлекеттік органдарының және электр энергетикалық компанияларының өкілдері, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитеті, Еуразия Экономикалық Комиссиясы, «Энергия» ҮДО өкілдері қатысты.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде тағайындалды
Рудный қаласында «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді, оның қорытындылары бойынша «Сарыбай ЖЭТ» филиалының спортшылары жалпы командалық бірінші орынды иеленді.
«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компаниялары арасында ең бірінші болып Қор мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара іс-қимыл келісімі аясында отандық тауар өндірушілермен жоғары вольттік жабдықтарды жеткізу шартына қол қойды.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы аралас дауыс беру нысанында өткізілді, онда аралық қаржылық есептеме, таза кірісті бөлу тәртібі бекітілді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы дивидендтер мөлшері туралы шешім қабылданды.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері, тәуелсіз директорлар Доминик Фаш, Ермек Құдабаев және Януш Биалек Компанияның 30 перспективалық қызметкерлерімен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Компанияның бекітілген корпоративтік құндылықтары болып табылады.
500 кВ «Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған - Алма» ӘЖ жоғары вольттік желілері Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген жалпы ұлттық телекөпір барысында іске қосылды.
«KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2018 жылғы бірінші жарты жылдық үшін дивидендтер төлеуді бастады.